Алматы мешітінің жанында адамдарды қағып кеткен жүргізуші бостандыққа шықты

Алматы мешітінің жанында адамдарды қағып кеткен жүргізуші бостандыққа шықты
Жол-көлік оқиғасы 13 желтоқсанда Орталық мешіт маңында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мешіт жанында жол талғамайтын көлікті мас күйінде айдап, 3 адамды қағып кеткен жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тергеу соты Қожамқұловқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуды қабылдады», - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы 13 желтоқсанда орталық мешіт маңында Пушкин көшесінде болған. 44 жастағы «Range Rover» жүргізушісі үш көлікті соғып барып жол шетінде тұрған үш адамды қағып кеткен. Медициналық сараптама оның мас болғанын көрсетті.

Новости партнеров