Ауа райының қолайсыздығы әуе тасымалына кедергі келтіруде

25.11.2023 22:02

Алматыдан Оралға шыққан ұшақ Атырауға қонуға мәжбүр болды

Сурет: elements.envato.com

Алматыдан Оралға ұшып шыққан ұшақ Атырауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 - 25 қарашада Оралды тұман басты. Айналаның көріну деңгейі төмен болды. Соған байланысты әуежайда ұшуға қолайсыздық туындады. Қазір Астанадан Оралға қатынайтын рейстер кешігіп жатыр, ал Алматы-Орал КС 881 рейсі Атырау қаласының әуежайына мәжбүрлі түрде қонды, - деп хабарлайды әуе компаниясының ресми өкілі.

23 қарашада Орал қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейс тоқтатылды. Әуе компаниясының мәліметінше, Орал – Франкфурт – Орал және Орал – Астана бағыттары бойынша әуерейстері, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері қатынайтын рейстер тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте бір-бірімен жарысқан қоғамдық көліктер жол апатына ұшырады