|
25.11.2023 | 11:16
671

Шымкентте бір-бірімен жарысқан қоғамдық көліктер жол апатына ұшырады

Соқтығыстан жолаушылар жарақат алды

Шымкентте бір-бірімен жарысқан қоғамдық көліктер жол апатына ұшырады Сурет: elements.envato.com

Шымкентте екі автобус соқтығысып, оннан астам адам жарақат алды. Жол апатына қоғамдық көліктердің жарысуы себеп болған, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

 - Мен №146-автобуста отырған едім, бағдаршамда бұрылып тоқтады. Аялдамадан адамдар түсіп жатқанда бір жолаушы үлгермей қалды. Тоқтап тұрғанымызда арты жақтан екінші автобус келіп соқты. Екі көлік жарысқан. Қатты соққы алдық, көзім қарауытып кетті. Ал жанымдағы адамдар жерге құлап жатты, - дейді зардап шеккен жолаушы Бибіажар.

Оқиға қаланың әкімшілік іскерлік орталығында болды. Күндізгі сағат 11.00 шамасында қос автобустың ішінде жолаушы көп болмапты. Адамдарды түсіріп тұрған көліктің артына соғылған автобус жүргізушісі қазір тергеліп жатыр. Жарақат алғандардың тоғызы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Жеңіл жарақат алған жетеуі ем-домнан соң үйіне жіберілсе, екі науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Оның біреуі 31 жастағы аяғы ауыр келіншек.

 - Жүкті келіншекке дәрігерлік көмек көрсетілді. Мамандар тексеріп қарады. Барлығын алгоритм бойынша ұйымдастырып, ауруханаға жатқыздық. Қазір жағдайы орташа ауыр. Қауіп жоқ, - дейді Шымкент қалалық  №1 клиникалық ауруханасының хирургы Мадияр Дүйсенов.

Оқи отырыңыз: Жолдағы қауіпсіздік: ШААЖ бойында енді жүргіншілер тротуары болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир