Ағымдағы жылы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының күшімен марихуана таситын екі ірі арна жабылды, – деп хабарлайды Polisia.kz..
Есірткі заттары Ақтау қаласына әрі қарай өткізу үшін еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген. Жыл басынан бері 5 келіге жуық түрлі есірткі құралдары тәркіленген болатын. Оның 4 келісі марихуана есірткісі. Есірткіні таратумен айналысқан азаматтар ҚР Қылмыстық кодекстің 291-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ, Департамент облыс тұрғындары мен қонақтарын есірткі қылмысымен күресте белсенділік танытуға, өздеріне мәлім болған барлық қылмыс фактілері туралы хабарлауға шақырады.
Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында WhatsApp +77772895480 нөмірі бар екенін еске салады.