Созақ ауылының мектеп түлектері жалғызбасты анаға баспана сыйлады

30.05.2021 22:02

Жаңа баспана алған жалғызбасты ана Саламат Ералиева жерлестеріне алғысын білдірді

stan.kz

20 жыл бұрын Созақ ауылының Созақ мектеп-гимназиясын бітірген түлектер қайырымдылық жасап, жалғызбасты анаға баспана сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ге сілтеме жасап.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, төрт бөлмелі үйде ауыз су, жарық және жылу орнатылған. Заманауи жабдықтармен жабдықталған, ауласы да аяқталған.

Жаңа баспана алған жалғызбасты ана Саламат Ералиева жерлестеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ, 2001 жылғы мектеп түлектері ауылда футболдан жарыс ұйымдастырған. Барлық іс-шаралар карантиндік талаптарды сақтай отырып жүргізілді. Ауыл түлектері туған өлкенің өркендеуіне өз үлестерін қосып жатыр.