Мәжілісте білім беру және балаларды қорғау бойынша заңға түзетулер ұсынылды
ҚР Парламенті Мәжілісінде білім беру және балаларды қорғау мәселелері бойынша түзетулер ұсынылды. Оған сай "баланы қабылдайтын кәсіби отбасы институтын" енгізу және осы мекеме аясында асырап алушының жасын шектеу ұсынылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Кейбір заңнамалық актілерге білім беру және балалар құқығын қорғау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын депутаттарға ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан таныстырды.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – Қазақстанның мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру және балалар құқығын қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды, қайшылықтарды жою.
Заң жобасымен мынадай негізгі новеллалар ұсынылады:
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері санын қысқарту тәжірибесін жалғастыру туралы мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Заң жобасымен баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар институтын енгізу туралы түзетулер әзірленді. Анықтама үшін: бүгінде республикада 22 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Жүргізілген саясаттың нәтижесінде 12 жылда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны 4 есеге төмендеп, балалар үйінің саны 2,5 есе азайды. Бүгінде 116 ұйымда 3 509 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленіп жатыр.
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар институтын енгізу кезінде мынадай жаңа тәсілдер әзірленді:
- Сонымен қатар отбасыларға жіберілетін балалар санаты кеңейтілді. Енді отбасыларға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен қатар, панасыз, қараусыз қалған, арнаулы әлеуметтік қолдауға мұқтаж балалар да орналастырылады. Материалдық ынталандыру үшін әр жетім баланы асырап-бағуға 10 АЕК мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы және балалардың отбасында болу мерзіміне байланысты әр кәсіби тәрбиешінің қызметіне – 70 АЕК ақы төлеу көзделеді, - деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.
Оқи отырыңыз: Техникалық және кәсіби білім беруде онлайн оқыту енгізіледі