Мұқият ойластырылған террористік операция – Президент жаппай тәртіпсіздік туралы

Мұқият ойластырылған террористік операция – Президент жаппай тәртіпсіздік туралы
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік арнаға берген сұхбатында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаңтардағы оқиға кезінде әуелі жұртшылық бейбіт митингке шыққан. Оларға қарсы күш қолданылған жоқ. Келесі лекпен олардың орнына жай ғана бұзақылық істеп, полиция қызметкерлеріне сес көрсетіп, тас лақтырып жүрген жастар келді. Артынша үшінші толқын жалғасты. Бұлар арнаулы дайындықтан өткен,кәдімгі кәсіби лаңкестер басқарған тонаушылар, кісі өлтірушілер, зорлық жасаушылар еді. Оларды материалдық құндылық қызықтырған жоқ. Лаңкестер қылмыстық істер, құқық қорғау қызметкерлерінің жеке құжаттары, әкімшілік пен стратегиялық нысандарды басып алуды көздеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік арнаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бұл өте мұқият ойластырылған, шетелдік содырлар жалданған террористік операция екені анық» деді Президент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы олардың әуежайды басып алуының өзі бекер емесін айтты. Орталық Азиядағы бір қаладан келген содырларды алдымен әуежай мен шекарадан өткізіп, кейін барлық іс-қимылды басқарып отырған. Елде бүлік шығарып, стратегиялық маңызы бар нысандарды қиратқан соң, олар мигранттар деген атты жамылып елден ұшып кеткен деді Президент.  

«Арнайы бұзақы топ әскери жаттығулардан өтіп, қаруланған. Оларды мықты күш басқарып, қаржыландырған, оқ-дәрілермен қамтамасыз еткен. Командалық топ штабының Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінің бірінші қабатында болғаны туралы анықтадық. Бұған қарап-ақ олардың демеушілері болғанын және алдын ала дайындалғанын аңғаруға болады. Көзсіз әрекетке барған бұзақылар есірткі қабылдаған. Соның әсерінен аяусыз болған және қарулы күш әскерлері қарсылық танытып, оқ атқан кезде де әдетте жараланғандар сезетін ауырсынуды сезінбеді. Бұл да арнайы жоспарда болған әрекет екенінің дәлелі», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сұхбатында Президент миссиясы, ең алдымен, бүкіл қоғамды, саяси жүйені және экономиканы өзгертудегі оң нәтижелерге қол жеткізу екенін айтты. Сол себепті де қоғамды саяси трансформациялаумен және экономикалық қайта құрумен бір уақытта айналысу керек деген пікірде. Сондай-ақ Президент бұл сұхбатында ел арасындағы бірнеше алып-қашпа әңгіменің соңғы нүктесін қойды. Соның бірі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сын сағатта біздің елге келген көмегі туралы болған.

«Өздеріңізге белгілі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскерлері Қазақстанға келіп, бізге көмек қолын созды. Ол үшін біз Ресейге қарыз болып қалдық деген қауесеттерге келетін болсам, бұл жөнінде ел президенті Владимир Путинмен ешқандай сөз болған емес. Көрші елден арнайы әскерді көмекке жіберуге Кремль тарапынан мүлде алғышарт болмады. Сол себепті бұл сөз қауесет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров