Қазақтың ұлттық ойындары ұлықталды

Нью-Йорк қаласынан келген оқытушы Раиса Диббл қазақ тілін небары 3 аптада меңгерген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда Жетісу ауданы әкімдігінің және ағылшын тілін үйрететін мектептің ұйымдастырған  іс-шараға жастар көп жиналыпты. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен етене танысуға әсіресе Америкадан келген оқытушылар ерекше құлық танытқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Солардың бірі Нью-Йорк қаласынан келген – Раиса Диббл. Ол небары үш аптаның ішінде қазақ тілін меңгеріп, әдет-ғұрпымызбен танысып үлгеріпті. Бүгін олардың назарына асық ату, бұқа тартыс, арқан тартыс секілді қазақтың ұлттық ойындары ұсынылған.

«Менің атым – Раиса. Американың Нью-Йорк қаласынан Алматыға келгеніме үш апта болды. Маған қазақтың салт-дәстүрі өте ұнайды. Мен тіпті Қазақстанның әнұранын жаттап та алдым. Әсіресе, құртқа ғашық болдым. Бүгін мен қазақтың ұлттық ойындарымен танысып жатырмын», – деді АҚШ-тан келген оқытушы Раиса ДИББЛ.

Новости партнеров