|
01.03.2019 | 17:04
5163

Алматыда ҚХА өкілдері көпбалалы отбасыларға ақшалай көмек көрсетті

Алғыс айту күнінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы өкілдері 20 отбасыға 50 мың теңгеден үлестірді

Алматыда ҚХА өкілдері көпбалалы отбасыларға ақшалай көмек көрсетті

Алматылық көпбалалы отбасыларға қаржылай қолдау көрсетілді. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өкілдері 4 баладан жоғары баланы тәрбиелеп отырған жанұяға 50 мың теңге табыстады. Мұндай көмек жалпы, 20 отбасыға берілді. Бұл сертификат Алғыс айту күні аясында өткен мерекелік концертте үлестірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Бүгінгі Алғыс айту күні барлығына рахмет айтамын. Біз сияқты көпбалалы аналарды елеп, осындай сыйлық беріп жатқанына рахмет айтамын. Көпбалалы аналардың бәріне 50 мың теңгеден және мынадай әдемі гүлдер берді», – деп ризашылық танытты көпбалалы ана Света ТӘҢІРБЕРГЕНОВА.

Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бері тойланып келеді. Елбасы пәрменімен күнтізбеге енгізілген мейрам отандастарымызды мейірімділік пен татулыққа үндейді. Әсіресе, қиын-қыстау заманда жер аударылып келген түрлі ұлт өкілдері шыдамдылық танытып, ерекше қонақжайлылығын көрсеткен қазақ жұртына алғысын білдіреді.  

«Суықта, ашаршылықта зорлық-зомбылық көрген адамдардың талайы жолда, жол-жөнекей жүріп келе жатып қырылған болатын. Оны геноцид деп айтуға болады. Бірақ талай ұлт өкілдері осы елге келіп, осы жерде өз жолын тауып, осы елмен, халықпен қатар бірге өркендеп, саяси жағынан, әлеуметтік жағынан елімізде ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға қосылып, қатысып, осы елдің дамуына үлес қосып жатыр», – деді ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрес палуаны Ислам БАЙРАМУКОВ.  

«Құшағын жайған, бірлігі бар, жүректерінде иманы бар, өзгені де сыйлауды білетін қазақ халқына үлкен рахметімізді айтамыз, үлкен сыйластықпен қараймыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бар ұлттың басын жинап, бірлікте, татулықта өмір жүргізіп тұрғаны үшін үлкен рахметімізді айтамыз», – деді ұйғыр этномәдени орталығының мүшесі Абдулхалил ДОЛКУНТАЙ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир