Шымкентте 20 жастағы бойжеткенді 1 топ жігіт жабылып зорлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте 20 жастағы бойжеткенді 1 топ жігіт жабылып зорлаған. Бұл туралы адвокат Айман Омарова өзінің Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған видеосында айтты, деп хабарлайды sn.kz.
«Менің қолымда дәл қазір 20 жастағы қызды зорлағандардың ісі бар. Күдіктілердің бәрі қашып жүр. Шымкент қаласы Абай аудандық ІІБ-нің полиция бөлімшесі оларды іздеп жатқан да жоқ. Өйткені бәрі де жақын маңда жүр.
Жігіттер екі жақты келісімге келгісі келеді. Жабылып зорлағандармен қалай келісімге келуге болады?
Қазір күдіктілер «Егер кешірмесе, онда көресіні көрсетеміз» деп қорқытып жатыр», - дейді Омарова өзінің Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған видеосында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33