Пандемия кесірінен психикалық ауытқуы бар адамдардың жағдайы нашарлауы мүмкін

09.10.2020 22:05

Әлемде психикалық ауытқуы бар адамдардың саны 1 миллиардқа жетеді

ашық дереккөзден

Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш психикалық ауытқуы бар адамдардың саны әлемде 1 миллиард екенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаһанды жалмаған пандемия кесірінен психикалық ауытқуы бар қариялар, әйел адамдар мен балалардың жағдайы нашарлауы мүмкін екенін жеткізді. Сондықтан әр мемлекет тиісті шараны тезірек жасауы керек деп үндеу жолдады.

«Психикалық денсаулық саласындағы ахуалды жақын арада жақсарту қажет. Әр мемлекет денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың 2 пайызын осы психикалық бағытқа арнайды. Ол аздық етеді. Сондықтан адамдардың сапалы психикалық көмек алуына жағдай жасауымыз керек», – деді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.