Қазан айында бірнеше күнге созылатын магнитті дауыл тұрады

09.10.2020 22:13

Мұндай болжамды Ресейдегі физикалық институттың ғалымдары жасап отыр

Қазан айында бірнеше күнге созылатын магнитті дауыл тұрады. Мұндай болжамды Ресейдегі физикалық институттың ғалымдары жасап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, магниттік дауыл қысқа толқынды байланыс пен өндірістік желілердегі электр қуатының үзілуіне әкеліп соғуы мүмкін. Зерттеушілер мұндай құбылыс қазанның 21-і басталып 25-не дейін созылатынын айтады. 

Магниттік дауыл G1-класынан G2-ге дейін ұласады. Ғарыштық құбылудың жіктелуі осылай есептеледі екен. Неғұрлым ол сан көп болса, соғұрлым электр қуатының тұрақтылығы да нашарлайды.