Светлана Жақыпова: жастар шетелге жалақы аз болғандықтан кетіп жатқан жоқ

elements.envato.com
elements.envato.com
Министр мұны қалыпты жағдай деп санайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жоғары білімі болса да шетелде қара жұмыс істеп жүрген қазақстандық жастар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БАҚ өкілдерімен «бейресми кездесу» форматында баспасөз мәслихатын өткізді. Министр қазақстандықтарға оқудан бастап жұмысқа орналасуға дейін кең мүмкіндіктер беретін жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

- Қазақстан жыл сайын шетелдік жұмыс күшіне 20 мыңнан астам квота бөліп келеді. Соған қарамастан өз азаматтарымыз Ұлыбританияға барып қарға үркітіп, Оңтүстік Кореяға барып қара жұмыс істеп жүр. Мұны Еңбек министрлігі қалай бағалайды? Қалыпты жағдай ма, әлде еңбек қатынастары реттелмегенінің көрінісі ме? - деп сұрады журналист.

Министр мұны қалыпты жағдай деп қабылдайтынын айтты.

- Біз мұны проблема деп қабылдамаймыз. Негізі әр азамат қай жерде жұмыс істесе де құқылы. Шектеу жасамаймыз. Қазақстан жастарына шектеу қоймаймыз. Біздің басты мақсатымыз – еңбек нарығында жағдай жасау. Жаңа жұмыс орындары сапалы болса, сонда қазақстандық жастар Қазақстанда қалады. Жастар шетелге жалақы аз болғандықтан кетіп отыр деп айтуға болмайтын шығар. Мен сізге өз басымдағы жағдайды айтайын. Менің жақын туысымның баласы жоғары оқу орнын бітіргеніне қарамастан, Ұлыбританияға сіз айтып отырғандай плантацияда жұмыс істеуге кетті. Бәріміз наразы болдық. Қазір сол елде жарты жылдың ішінде оқуға түсті. Соны бітірген соң елге оралмақшы. Сондықтан екі көрініс. Сол жақта білім алып, елдің өзгеруіне үлес қосса, тамаша болады. Ал егер Қазақстаннан мүлдем кетемін дейтіндерге наразымыз. Мысалы сіздерге таныстырған электронды еңбек биржасындағы сапалы жұмыстардың санын 2 миллионнан 3,8 миллионға дейін жеткіземіз. Ол деген айлығы медианалық жалақыдан, яғни 350 мың теңгеден кем емес жұмыс деген сөз, - деді Светлана Жақыпова.

Оқи отырыңыз: Мобильді аударымдар: пайдасы мен зияны қандай

Новости партнеров