«Мені тұлғалар өсірді». ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне орасан зор үлес қосқан суреткер қазанның 22-і күні 95 жасқа толады. Осыған орай, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетте қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің студенттермен кездесуі өтті. Жүздесуде халық жазушысының қаламынан туған шығармалар сөз болып, естеліктер айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сұрапыл соғыста Луганск түбіндегі миномет ротасында жауға қарсы оқ жаудырған Әбдіжамал Нұрпейісов жасы 95 жетсе де өзін батырмын деп санаған емес. Ол үшін мұндай атақ оқырмандарының берген бағасы дейді жазушы. Қанды ұрыстан жаңа оралған майдангер өмір мен өлім айқасынан алған әсерін ақ қағазға түсірді. Бірнеше жыл бойы табан аудармай істеген еңбегі «Курляндия» атты романды дүниеге келтіреді
«Екі орденім болды. Біріншісі Совет одағының «Қызыл жұлдызы». Сосын ҰОС ІІ-дәрежелі ордені. Не үшін алғанымды білмеймін. Себебі ол ордендерге менің еңбегім сіңген жоқ», – деді Халық жазушысы Әбдіжәміл НҰРПЕЙСОВ.
Студенттермен кездесу барысында Халық жазушысының шығармалары да талқыланды. Бір ғана «Қан мен тер» трилогиясы бүкіл қазақ руханиятының ғана емес әлем әдебиетін де жоғары бағаға ие болды. Сондықтан болар, Әбдіжәміл Нұрпейісовті әлем әдебиетінің де толқынына теңеді.
«Әбдіжәміл Нұрпейісов – біздің әдебиетімізде ғана емес, жалпы рухани әлеміміздегі үлкен тұлғалардың бірі. Әбдіжәміл Кәрімұлының қаламы арқылы, өзінің болмысы, бүкіл шығармашылық қуаты арқылы алатын орны зор және бүкіл әлем әдебиетте ол кісі қалыптастырған толқын бар деп айтуға болады», – деді Абай атындағы ҚазҰпу филология және көп тіл білім беру институтының директоры Балтабай ӘБДІҒАЗИЕВ.
Мұхиттың арғы бетіндегі оқырмандар да қазақ жазушысының шығармаларын қызыға оқитын болып шықты. Мұны АҚШ жазушылары мойындап отыр. Тіпті, Нобель сыйлығына ұсынылған шығармалары да осынау аса құрметке ие болуға лайықты дейді.
«Әбдіжәміл Нұрпейісовтің кітаптары АҚШ-та осыдан 5-6 жыл бұрын аударылды. Ондағы оқырмандар қазақ жазушысымен танысты. Бұл – қазақ шығармалары әлем әдебиетінде жаңа деңгейге көтерілді деген сөз. Оны Әбдіжәміл Нұрпейсов көтерді. Америкалықтар жазуымен ғана емес, қазақтың тұрмыс салтымен де танысты десем болады», – деді АҚШ жазушысы Владимир КАРТЦЕВ.
Жастармен кездесуде жалынды жазушы өткенді еске алып, жастық шағымен де бөлісті. Жасы 95 таяп қалса да жүздесуден қуат алып отырғаныдығын айтып әнге салды.
Жиын соңында халық жазушысына Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеттің құрметті профессоры атағы берілді. Ал, студенттер дара тұлғамен есткелік суретке түсіп қалды.
Арнат Дүйсен, Мұрат Тайжан «Алматы» телеарнасы