|
22.02.2019 | 17:35
8931

Алматыда қуаты жоғары жаңа электр станциясы іске қосылды

«Ерменсай» қосалқы станциясының қуаты Алматыны 30 пайызбен жарықпен қамти алады

Алматыда қуаты жоғары жаңа электр станциясы іске қосылды

Алматыны 30 пайыз жарықпен қамтуға қауқарлы жаңа электр станциясы іске қосылды. Тұтынушыларға тоқты қажетті деңгейде дәл бере алатын «Ерменсай» подстанциясының қуаты – 500 мегаватт. Шағын болса да автоматтандырылған, қуаты жоғары орталық неміс құрылғыларымен жабдықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Таулы қырат аумағындағы электр станциясы осыдан 33 жыл бұрын, халық саны әлдеқайда аз болған тұста салынған. Бостандық, Медеу, Әуезов аудандарын толықтай, Талғар ауданының жартысын жарықпен қамтып келген. Мамандардың айтуынша, тозығы жеткен станция қаланың жоғарғы жағындағы тұтынушылардың сұранысын толық қамтуға қауқарсыз болса да, әупірімдеп жұмыс істеп тұрған. «Ерменсай» қосалқы стансасы салынғандықтан жуық арада техникасы толықтай тозған ескі станция сүрілмек.

«Қазіргі алып отырғаны – 500 МВт ампер. Кезінде 10 МВт болған. Қазір Ерменсайды, сондай-ақ, 131 подстанцияның бәрін қосқанда 170 МВт болып отыр. Жүктемені бөліп тарату үшін мына тұрған құралдарды қойғанбыз. Қазіргі заманда мұндай 4 ұяшық өте сапалы құрал болып саналады», – деді «Алатау Жарық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мұхит ҮМБЕТОВ.

Трансформаторлар жоғары жүктемеде тұрғандықтан, жаңа тұрғын үйлерді қосу қиынға соғып келсе, енді «Ерменсай» қосалқы стансасы бұл проблемалардан толықтай құтқарады. Жобаны жүзеге асыру үшін 50 шақырыман астам электр желілері, апатқа қарсы құрылғылар мен реле қорғаныс аппараттары қосымша орнатылды. 

«Горный гиганттағы» бар жүктемені қазір Ерменсайға көшірдік. «Горный гигант» қауіпті жағдайда болғанда  қаланың 30%-ының электр энергиясы өшіп қалуы мүмкін еді. Қазір ол подстанциядан жүктеменің бәрі көшірілген соң, қауіпті жағдай жойылды», – деді «Самрұқ-Энерго» АҚ басқарушы директоры Серік ТЮТЕБАЕВ.

Самал, Қазақфильм, Бағанашыл, Таугүл шағынаудандарының тұтынушылары да бұдан  былай тоқты Ерменсай стансасынан алады. Соңғы 12 жылда 33 подстанция жаңартылып салынғанмен, оның бәрі қаланы тоқ жүктемесінен толықтай құтқармайды. Алдағы уақытта «АХБК» және «Көкөзек» қосалқы стансаларының құрылысы басталып, Алматының Алатау, Жетісу сынды барлығы бес ауданның желілерін жаңарту жоспарланып отыр.  

Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир