Бауыржан Бабажанұлы жаңа қызметке тағайындалды

Бауыржан Бабажанұлы жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін халықаралық «Túrkistan» газетінің бас редакторы лауазымына белгілі журналист, ақын Бауыржан Бабажанұлы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Бауыржан Бабажанұлы 1969 жылы 21 ақпанда Қарақалпақстан Республикасының Мойнақ ауданында дүниеге келген.

1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетін бітірді.

Еңбек жолын 1995-1996 жылдары ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастады.

1996-1999 жылдары «Жалын» журналында, «Ана тілі» – «Жалын» бірлескен басылымдарында бөлім меңгерушісі, 2000 жылы «Алтын Орда» тәуелсіз апталығында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ 2000 жылдан бастап Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы лауазымы бойынша жемісті еңбек етіп келді.

Оның өлеңдері «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы» ұжымдық жинақтарына енген. Ал «Аспан мен жердің арасы» атты тұңғыш жыр жинағы 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен жарық көрді. Одан кейін 2006 жылы «Жазушы» баспасынан «Уәде» атты кітабы шықты.

2003 жылы өткен халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша бас жүлде иегері. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Новости партнеров