Қазақстанның 10 аймағына су тасқыны қауіпі төніп тұр

ТЖД баспасөз қызметі
ТЖД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта тәуекел деңгейі жоғары өңірлер аталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров 14 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны болуы мүмкін 10 өңірді атады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Серік Саиров "Қазгидромет" мамандарының болжамынша, наурыздың соңына дейін температура фонының жоғарылайтынын, бұл қардың қарқынды еруіне және су басу қаупіне әкелетінін айтты.

- Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салалары мен Тобыл бассейндеріне ерекше назар аудару қажет. Қазір Орынбор және Челябі облыстарында, сондай-ақ Башқұртстан Республикасында, "Росгидрометтің" мәліметінше, жиналған қар көлеміне байланысты қолайсыз су тасқыны жағдайы қалыптасты, - деп қосты "Қазгидромет" РМК өкілі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тәуекел деңгейі жоғары өңірлер: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстары.

- Тәуекел деңгейі орташа: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Ұлытау облыстары. Төмен тәуекелдер: Маңғыстау облысы. Гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекетте жүргізілуде, өзендердегі су деңгейінің күрт және қауіпті ауытқуы кезінде бақылаулар жүргізіледі, - деді Саиров.

2024 жылғы 4 наурызда "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) 2024 жылға арналған су тасқынының негізгі болжамын жариялады.

Оқи отырыңыз: Жол азабы: Павлодар жұрты жол сапасына наразы

Новости партнеров