Қай жерде, мейлі, қай елде, Әлемнің мәні - әйелде! 8 наурыз, халықаралық әйелдер күні - көктемнің мерейлі мерекелерінің бірі. Бұл күні ерлер қауымы нәзік жандарға ерекше көңіл бөледі. Бүгін еліміздің танымал тұлғалары мен өнерпаздары атаулы мерекені назардан тыс қалдырмады. Олар барша әйелдер қауымын құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.
«Құрметті біздің нәзік жанды аруларымыз! Құрметті ханымдар! Аналар, әпкелер, құрбы-қарындастар барлықтарыңызды халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Жүректеріңізде көктем орнасын, бақыттың құшағында болыңыз! Алла сізге барлық бақты төгіп берсін! Азаматыңыз, ұлдарыңыз сіздерді аялап, мәңгі сіздердің жанарларыңызға тек күлкі сыйласын!Мерекелеріңізбен, құрметті ханымдар!» – деді әнші Дастан Оразбеков.
«Құрметті ханымдар, апа-әжелер, аналар, қарындастар, шын жүректен халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Денсаулығыңыз мықты болсын! Бақытты болыңыздар! Отбасына амандық тілеймін! Әдемі болып құлпырып жүре беріңіздер!», – деді әнші Айбек Сейітов.