Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын интернет арқылы онлайн алуға болады

17.03.2020 22:08

Мемлекеттік органдар төлқұжат пен куәліктерді ауыстыру, жәрдемақылар алу және АХАЖ қызметтерін онлайн форматқа көшіруге шұғыл кірісіп кетті

kursiv.kz

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызметтерді eGov арқылы алуға шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министр Асқар Жұмағалиев өзінің фейсбук парақшасында онлайн-білім беру ресурстарын пайдаланып, тапсырыстарды онлайн беруді және ақшамен қолма-қол төлем жасауды азайтқан абзал деп жазaды.

Қазір мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 80 пайызын Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ, интернет арқылы онлайн алуға болады.

Бүгінде мемлекеттік органдар төлқұжат пен куәліктерді ауыстыру, жәрдемақылар алу және АХАЖ қызметтерін онлайн форматқа көшіруге шұғыл кірісіп кетті. Сонымен қатар, онлайн қызметтерді үздіксіз ұсыну үшін 1414 кол-орталығының және электронды үкімет сервистері әкімшілерінің жұмысы күшейтілетіні айтылған.