Жыл сайын әскерге 35 мың сарбаз қабылданады
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мерзімді қызметтегі сарбаздардың қазасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес. Бүгінгі таңда жыл сайын әскерге 35 мың сарбаз қабылданады. Соңғы 1 айдың ішінде Бейнеу өңіріндегі және Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерде қайғылы оқиға орын алғанын еске салайық.
«Менің ойымша, мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес. Жастар әскери Отан алдындағы борышын өтеуі керек. Алайда барлық мүдделі мемлекеттік органдар, Қорғаныс министрлігі әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.