ШҚО-да 100-ге жуық ауылды су шайып кетуі мүмкін
altaynews.kz
Солардың ішінде әсіресе 14 450 үйге қауіп төніп тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыста 100-ге жуық елдімекенді су алып кетуі мүмкін. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп жазады Аltaynews.kz.
Абай ауданында – 5, Аягөзде – 4, Бесқарағайда – 10, Бородулихада – 3, Глубокоеде – 10, Жармада – 5, Зайсанда – 5, Алтайда – 12, Катонқарағайда – 8, Көкпектіде – 4, Күршімде – 7, Тарбағатайда – 5, Ұланда – 6, Үржарда – 4 және Шемонаихада 6 ауыл.
Сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер сынды қалалардағы шағын елдімекендерде бар.
Солардың ішінде әсіресе 14 450 үйге қауіп төніп тұр. Бұл үйлерде бүгінде 42 мыңдай адам тұрады.
Естеріңізде болса, наурыз айының басында күннің +8 градусқа дейін жылынатынын айтқан болатынбыз. Күн жылыса, қар еріп, өзендердің тасуы ықтимал.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00