Талдықорғанда заңсыз алкоголь сатқандар ұсталды

26.09.2019 22:08

Тәркіленген өнімнің жалпы құны 230 мың теңгеден асады

Мемлекеттік кірістер департаментінің тексеруі барысында қаланың қақ ортасындағы сауда үйлердің біріндегі қоймада алкоголь  өнімдерін заңсыз сақтағандар мен ешбір құжатсыз саудалағандар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәркіленген өнімнің жалпы құны 230 мың теңгеден асады. Сондай-ақ, 3 мыңнан астам акциздік маркаларсыз темекі өнімдерінің партиясы анықталған. Бүгінде кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр. Аталған факті бойынша материалдар Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданған.