Еліміздің шығысы мен солтүстігінде үсік жүреді

26.09.2019 22:34

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 27-28 қыркүйек күні 1-3 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыс, батыс бағыттан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Петропавлда түнде топырақтың беткі қабатында 1-3 градус үсік жүреді, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.

Семейде 27 қыркүйек күні түнде топырақтың беткі қабатында 1-3 градус үсік болуы мүмкін.