|
27.07.2022 | 17:08
2681

2025 жылға қарай Алматы жолдарының 95%-ы жөнделеді

Саин - Мөңке би көшелеріндегі жол айрығының құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталды

2025 жылға қарай Алматы жолдарының 95%-ы жөнделеді акимат Алматы

2025 жылға қарай Алматы жолдарының 95%-ы жөнделеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін ол Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мегаполистің жол инфрақұрылымын дамыту туралы айтты.

Е. Абжаханның айтуынша, Алматы қаласының көше-жол желісінің ұзындығы 3096 шақырым, оның 234 шақырымы асфальтталмаған.

«Біз 2025 жылға қарай  қаладағы жақсы жолдардың үлесін  95%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 234 км жаңа жол саламыз, жыл сайын кемінде 200 км жолға орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады спикер.

Е. Абжахан жолдардың құрылысы туралы айта келе, Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі және Саин көшесі – Мөңке би көшесі үш жолайрығының құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Бұқтырма – Құлжа трактісі көшелерінің қиылысындағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Жер учаскелерін сатып алу аяқталды. Қаражат толық көлемде бөлінді.

«1 қыркүйекке дейін эстакада мен пандустарды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, сол арқылы барлық бағыттар бойынша көліктердің жүруін қамтамасыз ету жоспарлануда. Абаттандыруды ескере отырып, толық аяқтау 2022 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр», - деді әкімдіктің ҚМБ өкілі.Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жұмыстар да сатып алынған учаскелерде жүргізілуде. Жұмыстарды толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған.

Саин - Мөңке би көшелеріндегі жол айрығының құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталды. ЖСҚ түзетілуде. Биыл коммуникацияларды қайта құру және айналма жолдарды салу бойынша жұмыстар жоспарлануда, ал жұмыстарды толық аяқтау келесі жылдың соңына жоспарланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир