Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған орталық директоры пара алды деген күдікке ілінді. Бүгінде аталған лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
«Ол 2018 жылғы ақпан және желтоқсан аралығында жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерлерден 1,6 миллион теңге сомасындағы пара алған күдікті деп танылуда. Тергеу амалдары барысында аталған лауазымды тұлға кінәсін толық мойындады. ҚР Қылмыстық процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері тіркеу мүддесі үшін жария етілмейді», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна БАСТАРОВА.