Қазақстанда онлайн несие рәсімдеу қиындайды

26.07.2023 22:09

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі электрон тәсілмен шағын несие беру қағидаларына түзетулер ұсынды

Фото ашық дереккөзден

Бұрын қарыз алғысы келген адам сайтқа тіркеліп, жеке куәлігін көрсетсе, сол жететін еді. Бұдан былай ол өзінің жеке басын куәландыруы керек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі электрон тәсілмен шағын несие беру қағидаларына түзетулер ұсынды.

"Енді берешекті сіздің атыңыздан бәзбіреудің рәсімдегені сотта дәлелденсе, сіз жауапкершіліктен босатыласыз. Одан бөлек, онлайн несие рәсімдеу қиындайды. Бұрын қарыз алғысы келген адам сайтқа тіркеліп, жеке куәлігін көрсетсе, сол жететін еді. Бұдан былай ол өзінің жеке басын куәландыруы керек", – делінген ақпаратта. 

Жеке басты куәландыру үшін биометриялық сәйкестендіру, электрондық цифрлық қолтаңба, екі факторлы аутентификация талап етіледі.