«Ауыл дамыса, ел де дамиды». Дәл осындай ұстанымды негізге алған Төлеутай Рақымбеков Атырау облысына сапары барысында бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Сарайшық» кәсіпорнында ұсақ малдан 14 түрлі өнім шығарады. Айта кету керек, бұл – еліміздегі ғана емесғ ТМД көлеміндегі бірегей аграрлық ферма. Президентікке үміткер Төлеутай Рақымбеков оның жай-жапсарымен танысып, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қолданудың тетіктеріне тоқталды.
«Атырау облысында ауыл шаруашылығмен айналысуға табиғат қолайсыз деген пікір қалыптасып қалған. Иә, бұл Алматы, Түркістан немесе Ақмола облысы емес. Бірақ, егер еңбектенген адам барлығын өндіруе алады», – деді үміткер Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ.
«Ол кісімен кездесу болды, сөйлестік, сауалдарымызды қойдықік. Болашақта ауыл шаруашылығын дамыту үшін 40-50 қожалықты біріктіріп, бір қожалық жасау керек дейді. Сонда ғана ауыл көркейеді», – дейді шаруа қожалығының басшысы Владимир РАЗМЕТОВ.
Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды бағдарламасында рухани құндылықтарды сақтау мен ұлттық дәстүрді дәріптеу мәселелері де бар. Осыған байланысты үміткер өңірге сапары барысында тарихи кешендерді аралап, ата-балалар рухына құран да бағыштады.