Ағаш кескендер заңмен қудаланады

Almaty TV
Almaty TV

Қоршаған ортаға зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС құрылыс объектісінің заңбұзғанын анықтады деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Алатау ауданына қарасты Дарабоз шағынауданында жалпы алаңы  17 га жер учаскесінде құрылыс жүргізуге рұқсат берілмеген. Мұнда  176  ағаш пен 40-тан астам жабайы өскен бұта (барлығы 216 бірлік жасыл желек) кесілген.

Осыған байланысты мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп келтірілген залалды есептейді және жасыл желектерді тексеру актісін әзірлейді.

– Көрсетілген мекенжай бойынша 216 жасыл екпені заңсыз кесілгені анықталды. Осыған орай басқармамен есептелген залалды полиция басқармасына және мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына жолдады. Анықталған дерек бойынша Алматы қаласы Алатау ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 340-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады, – деді Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы бөлімінің бас маманы Нұркен Ақмырза.

Анықтама: 2023 жылғы маусымнан бастап «Мемлекеттік қызметтер» порталы арқылы (Elicense.kz) Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасына «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС-нен тұрғын үй кешені құрылысының аумағында ағаштарды кесуге рұқсат алу үшін 6 өтінім келіп түсті.

Барлық өтінімге ұсынылған материалдарда жасыл желектер туралы ақпараттың мазмұны бар сараптама қорытындысының болмауы себебінен  ағаштарды кесуге рұқсат берілмеді.

2023 жылғы 28 қарашада «Altyn Ai ТК» ЖШС жаңа меншік иесі жұмыс жобасы «Мемсараптама» РМК № 1602-Б хатымен толықтырылды. 2023 жылғы 5 желтоқсанда «Мемлекеттік қызметтер» порталы арқылы (Elicense.kz) «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС-нен Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасына қызмет көрсету объектілері мен жерасты паркингі бар МЖК құрылысына жасыл желектерді кесуге қатысты рұқсат алуға құжаттар қайтадан тапсырылды.

Айта кету керек ағаштарды кесуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет болып табылады, сондықтан қажетті құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда рұқсат беруден бас тарту мүмкін емес.

Бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында (Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама) көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың толық пакетінің  ұсынылуына байланысты 2023 жылғы 11 желтоқсанда Басқарма жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша кесуге рұқсат берілген  2797 дана ағаштың  орнына 27970 дана көлемінде өтемдік жасыл желек отырғызады. Басқарма сонымен қатар 100 дана жасыл желекті басқа жерге отырғызу жөніндегі жұмыстарға келісім берді.

Көшеттерді отырғызу «Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларының» барлық талаптарын сақтай отырып, биіктігі кемінде 2,5 метр болатын жалпы пайдаланымдағы жерлерде жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында қанша жерасты өткелі жаңартылды

Новости партнеров