|
06.12.2019 | 09:10
8069

Алматыда аймақтық имамдар форумы өтті

Онда Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы талқыланды

Алматыда аймақтық имамдар форумы өтті

Рухани құндылықтар — қоғам бірлігінің негізі. Осындай тақырыпта Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде имамдардың аймақтық форумы өтіп, оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдында өскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухында тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті.

«Діни қызметкерлер жастардың деструктивті идеялардың жетегінде кетпеуі үшін олардың алдын алып, түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров.



Форумда Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы талқыланды. Құжатта әрбір мұсылманның жеті қасиеті көрініс тапқан.

«Патриотизм Отанға, ана тіліне, дәстүр мен мәдениетке деген құрметтен бастау алады. Патриотизм шыңы – бұл өз ұлтына деген сүйіспеншілік», — деді Серікбай кажы Ораз.


Кездесуге Нұр-Мүбәрак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шахад Абдулхамид Мұхаммад аль-Джинди, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Президент және Халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ аппаратының басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы, профессор Ықтияр Молдатөреұлы, Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай, имамдар және университет студенттері қатысты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир