Қазақстандықтар БАЭ демалыс өткізгенді ұнатады. Себебі олар да, Қазақстан сияқты мұнайға бай ел. Мұнай көздеріне араб халқының жағдайы тікелей байланысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлемдік «Statistical Review of World Energy 2023» жасаған нәтиже бойынша мұнай өндіруден БАӘ 7 орында тұр(Қазақстан 13 орында).
Бұған қарамастан, жер қойнауына бай мемлекет барлық саланы бірдей дамытуда. Мұнаймен қатар, туризм мен халықаралық бизнесті дамыту арқылы әлем кәсіпкерлік картасының оазисіне айналды. Осының бәрімен қатар, БАӘ энергия тапшылығының алдын алу үшін, өздерінің атом станциясын салды. Себебі, елдегі үлкен көлемдегі кәсіпкерлік осыны талап етті.
АЭС «Barakah» – Оңтүстік Кореялық«Korea Hydro & Nuclear Power»АЭС құрылысы сеніп тапсырылды.Barakahатом электр станциясы Абу-Даби әмірлігінің Аль-Дафра ауданында орналасқан. 2012 жылдың шілдесінде «FAR» және «EAD»Barakah-қа бірінші «ENEС» атом электр станциясының орны ретінде соңғы рұқсатын берді. Бұл БАӘ-нің бейбіт атом энергетикасы бағдарламасын дамытудағы маңызды кезеңі болды. АЭС қондырғысына орнатылған төрт «APR1400» ядролық реакторы толық жұмыс істегеннен кейін БАӘ-ге электр энергиясының 25% - ын өндіреді деп күтілуде.
Қазақстандықтар арасында атом станциясының экологияға қауіпі туралы алаңдаушылық бар. Ол уайымды БАӘ-дегі мына мысалмен сейілтуге болады. Толық жұмыс істегеннен кейін Barakahатом электр станциясы жылына 22 миллион тоннаға дейін көміртегі шығарындыларының алдын алады деп күтілуде. Бұл 4,8 миллион көлікті пайдаланудан бас тартумен тең. Яғни, атом станциялары экологияға ең қауіпсізі.
Оқи отырыңыз: Алматыда мамандар АЭС құрылысының қауіпсіздігін талқылады