Елде туындауы мүмкін электр энергиясы тапшылығы күрделі мәселеге айналып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық халықтық штабы ұйымдастырған АЭСтың құрылысы бойынша референдумға арналған кездесуде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоғары медициналық колледж оқытушыларымен өткен жиында ядролық физика институтының ғылыми қызметкерлері, мәслихат депутаттары АЭС-тың экономикалық қажеттілігіне тоқталып, энергия көздерін арттырудың маңызын атап өтті.
– АЭС-тың құрылысымен айналысатын ұйым апатты жағдайларды ескере отырып, қандай технологиядан қателіктер жіберілді, бәрін саралап, жаңа жоба берді, – деді Ядролық физика институының аға ғылыми қызметкері Қылышбек Тұрлыбеков.
– Электр қуатына қажеттілік жылдан-жылға туындай береді. Көрші елдерден 20 пайыз электр қуатын аламыз. Болашақта бұл сан көбейеді, сондықтан АЭС-ті салғанымыз дұрыс, – деді қалалық мәслихат депутаты Дулат Рамазан.
Оқи отырыңыз: АЭС: үшінші буын реакторы - қауіпсіздік кепілі