Түрксіб ауданы тұрғындарының Алматы әкіміне түскен 70 өтініштің 26-ы шешілді

Түрксіб ауданы тұрғындарының Алматы әкіміне түскен 70 өтініштің 26-ы шешілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин аудан тұрғындарының өзекті мәселелерінің қалай шешілетінін айтып берді, деп жазды қала әкімдігінің сайты. 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ауданды аралған және тұрғындармен кездескен кезінде 70-ке жуық өтініш түскен еді. Олар негізінен тұрғын үй-коммуналдық салаға, жер қатынастарына, жол-көлік және инженерлік инфрақұрылымға қатысты болды.

Мегаполис әкімінің атына түскен 70 өтініштің 26-ы оң шешімін тапты. 18 сауалға қатысты түсінік берілді, 26 сұрақ қаралу үстінде.

Мысалы, 31 сұрақ тікелей тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, оның ішінде, инженерных коммуникация салуға орай қойылған:

13 – сумен жабдықтау және кәрізге;

6 – газбен қамтуға;

4 - электрмен қамтуға арналған.

Сұрақтардың үшеуі балалар алаңын салуды, екеуі жер қатынастарын жақсартуды өтінген. ПИК-тердің жұмысына, ескі үйлерге, ашық люктарға қатысты бір сұрақтан қойылған.

Бұлардың бесеуі шешімін тапты. "Әлмерек" ықшамауданы мен Сүйінбай даңғылы бойындағы үйлерге газ желісі тартылады, 2 балалар алаңдары салынуда, қоршаулар сүрілуде, үйлер заңдастырылуда, "Әлмерек" ықшамауданында газ магистралі қолға алынады.

"Қайрат", "Нұршашқан", "Әлмерек" ықшамаудандарына су, кәріз, электр желілері тартылады, ҚТҚ тасымалдауда жеңілдіктер көрсетілуде, жер учаскелері бөлініп, ескі үйлер сүрілуде, яғни 10 сұрақ бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

16 сұрақ бойынша жұмыстар жүруде, олар: үйлерді заңдастыру, жеке секторға балалар алаңдарын жасау, ықшамауданға электр желісін жүргізу. Маяк қала балансында, "Қайрат" ықшамауданы сумен қамтылады. Боралдай және Жансүгіров көшелеріне кәріз желісі жүргізіледі, «Вокзал-1» аймағындағы тұрғын үйлерге ыстық су беріледі.

«Маңызды сұрақтардың бірі - тұрғын үйлерге газ беру. "Әлмерек" ықшамауданына газ желісі тартылды. Соның арқасында 1100 үй газға қосылды, бұл 5 мың адам деген сөз, яғни тұрғындардың тұрмысы жақсаруда», - деп атап өтті П. Кулагин.

Қала әкімі аудан тұрғындарымен кездескен кезде абаттандыруға қатысты 16 сұрақ қойылды, оның ішінде 6 сұрақ жолдар мен тротуарларды жөндеуге, 3 көше жарығына, қалғандары ағаштарды кесуге, жол белгілерін, қоюға, жаяу жүргінші жолдарын реттеуге, арық желілерін салуға қатысты болды.

Қоғамдық көлікке қатысты (11 сұрақ) №41 автобустың қозғалыс интервалы қысқарды, №51 автобустың бағыты өзгерді. Спасская көшесінде бекет кешені салынуда, "Нұршашқан", "Маяк" елдімекендерінен қала орталығына қатынайтын көлік бағытын ашу мәселесі қарастырылуда, №74 бағыттың интервалы қысқаруда.

Бұлардан өзге, әлеуметтік мәселелер, қоғамдық қауіпсіздік оң шешімін табуда.

Түрксіб ауданының әкімі биылғы жылдың жеті айы ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы да айтты. Өнеркәсіптік өнімнің физикалық индекс көлемі 104,5%-ды құрады. Өндіріс өнімін шығару өсіп, 101,2 млрд теңгеге жетті. 2018 жылмен салыстырғанда өсім – 118,7% ( 2018 жылдың 7 айы ішінде – 86,2 млрд. теңге болған). Қаладағы үлес – 18,4%.

Негізгі капиталдың инвестициялық көлемі артуда – 35,3 млрд теңге, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 175,3%-ды (2018 жылдың 7 айы ішінде 19,4 млрд теңге болған) құрады. Қаладағы үлес – 8,8%.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 78,2 млрд теңгенің салығы жиналды. Бөлшек сауда көлемі 155 млрд теңге немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,1% (130 млрд теңге) болды. Көтерме сауда – 481,5 млрд теңге немесе 119%-ке (455,5 млрд теңге) жетті.

Новости партнеров