Алматыда «PARYZ» Жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясы мен халықаралық еңбек ұйымының өкілдері кездесті

06.05.2022 22:11

Жиында еңбек саласындағы нормалар сөз болды

Almaty.tv

Алматыда «PARYZ» Жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясы мен халықаралық еңбек ұйымының өкілдері кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында әлеуметтік әділеттілік пен әріптестік қағидатын ілгерілетуді, еңбек саласындағы нормалар мен құқықтық жоғары стандартын енгізу сөз болды. Сондай-ақ халықаралық еңбек ұйымымен бірге әлеуметтік диалогты дамыту және экономикалық сипатта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәселелер көтерілді.

«Бұл ұйымның мақсаты – Қазақстанның заңында болып жатқан жұмыстарды қадағалау. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы әртүрлі жағдайлар болады, реттеуге тырысамыз», – деді Президиум төрағасы Жұмабек Жанықұлов.