Идеологиялық вирустар: Қазақстанда әлеуметтік желілерді реттеуге арналған заң шығару керек

massaget.kz
massaget.kz
Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов осындай ұсыныс жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда әлеуметтік желілерді реттеуге арналған заң шығару қажет. Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов осындай ұсыныс жасад , деп хабарлайды Almaty.tv.

 Оның айтуынша, пандемия кезінде дүниежүзінде «идеологиялық вирустар» да тарауда. Мәселен, шетелдік саясаткерлердің ішінде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарататындар бар. Сәйкесінше, Қазақстан сондай жағдайларға дайын болып, ұлттық құндылықты сақтай білуі керек», деді.

«Әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау керек деп білеміз. Бұл сөз бостандығын шектеу үшін емес, әлеуметтік желі жүйесін заңнамалық тұрғыда реттеу. Олардың құрылтайшыларын заң алдындағы жауапкершілігін көтеру үшін қажет. Жаһандану кезінде кейбір жастар шетелдік жағымсыз құндылықтар ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Мәжбүрліктен емес, сананың улануы арқылы өз еркімен торға түседі», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов.

Новости партнеров