Қытайдан Қызылордаға гуманитарлық көмек келді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас Facebook-тегі желісінде жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Қытайдан Қызылордаға гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас Facebook-тегі желісінде жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қызылордада COVID-19 Қазақстан қоғамдық бақылауы өз жұмысын бастады. Бүгін Қытайдан келген гуманитарлық көмекті қарсы алдық. Тауарды қабылдау 2020 жылдың 14 шілдесінде сағат 12:15-те (Қызылорда уақыты бойынша) жүзеге асты. Жүк жөнелтуші құжат бойынша "СҚ-Фармация" келісімімен "Ақ Ниет" ЖШС қоймасы болды», –  делінген жазбада.

Гуманитарлық тауардың тізімі:

1. Медициналық қорғаныш комбинезоны – 1600 дана;

2. Бір реттік хирургиялық қолғаптар - 8200 дана;

3. Байланыссыз инфрақызыл термометр  – 50 дана;

4. № 95 медициналық маскасы – 5400 дана;

5. Хирургиялық маскалар – 28 960 дана;

6. Медициналық қорғаныш көзілдірігі – 3700 дана;

Ертең, 15 шілде гуманитарлық көмек медициналық ұйымдарға таратылып, бөлінеді.

Новости партнеров