|
13.11.2019 | 17:11
1784

«О дүниеден қайтарып алды»: дәрігерлер 82 жастағы әжейді құтқарып қалды

Роза Халиуллинаға ауыр ота жасапты

«О дүниеден қайтарып алды»: дәрігерлер 82 жастағы әжейді құтқарып қалды

Дәрігерлер 82 жастағы Роза Халиуллинаның өмірін арашалап қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

82 жастағы әжей таңғы асын ішіп отырған кезде тіс протезі сынып, тамақпен бірге асқазанына түсіп кеткен. Протездың үшкір ұштары өңеш жолдарын бірнеше жерін тіліп өтіп, қатты ауырлық сезімін туғызған. Бұған қоса, кейуана дұрыс демала алмай қалыпты. Қария жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның өңешінде тұрып қалып, ауру туғызған затты анықтапты.  

«Біз мұндай жағдайды өте сирек жолықтырамыз. Көп жағдайда өңеш перфорациясы ағзаға өзге дененің түсіп кетуінен туындайды. Ол ас қорыту жолының тарылған жеріне тұрып қалып, ауырлық туғызады. Бұл өте қиын жағдай, егер науқас ауруханаға кешігіп келсе, бұның арты өлімге әкелуі мүмкін», - дейді емхана басшысының орынбасары Оңласын Ибекенов. 

Роза Халиуллина ауыр отадан өтіпті. Үш күн жансақтау бөлімінде жатқан оның қазіргі жағдайы жақсы екен. 

«Мені о дүниеден алып шықты деп айтуға болады. Сол үшін дәрігерлерге рахмет. Мен өзім 50 жыл бойы медбике болып жұмыс істегенмін. Сондықтан олардың жұмысын түсінем. Менің асты-үстіме түсіп күтті», - дейді әжейдің өзі.

Қазір әжейдің жағдайы жақсарып, үйіне шығуға дайындалып жатқан көрінеді. 
Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир