Алматыда жастар форумы өтті

27.09.2019 22:45

Дәстүрлі бас қосуға еліміздің 10 өңірінен келген, 500-ден астам делегат қатысты

Жастардың кәсіппен айналысуына жағдай жасап, қолжетімді баспанамен қамту керек. Бұл туралы бүгін жастар форумында айтылды. Дәстүрлі бас қосуға еліміздің 10 өңірінен келген, 500-ден астам делегат қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Форумда 30 білікті маман балалар үйінің түлектеріне лекция оқып, шеберлік сабақтарын өткізді. Одан бөлек, қоғам белсенділері, халықаралық ұйым өкілдері мен жоғарғы оқу орындарының басшылары да тәжірибелерімен бөлісті. Атаулы жиында денсаулық мәселесі де талқыланды.    

«Мұндай жиын өткізу жастар үшін өте маңызды. Жалпы, «Денсаулық - бірінші байлық» дейіміз ғой. Ең бірінші тәніміздің саулығына назар аударуымыз қажет. Еліміз бойынша 118 денсаулық орталықтары жұмыс істеп жатыр. Ол жерлерде психолог, уролог, гинеколог сынды медицина саласының білікті мамандары қызмет етеді. Кез келген адам сол жерге барып консультация алса болады», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА.