Қандай мемлекеттік қызметтерді банк қосымшасы арқылы алуға болады

pixabay.com
pixabay.com
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді қазақстандықтар бірнеше әлеуметтік қызметті еліміздің кез келген өңірінде рәсімдеп, қол жеткізе алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұған дейін бізде кейбір қызметтер тұрғылықты жері бойынша көрсетіліп келді. Яғни азамат басқа қалада болған жағдайда әлеуметтік көмекті ала алмайды. Бұл тұрғындар үшін қолайсыз. Осы орайда 17 әлеуметтік қызмет орталықтандырылды. Ендігі уақытта еліміздің кез келген өңірінен әлеуметтік мемлекеттік төлемдерді рәсімдеп алуға болады. Аталған жаңашылдық іске қосылғалы 75 мың отандасымыз оны пайдаланды», - деді Ербол Оспанов елордада өткен адам және ғаламшарға арналған цифрлық шешімдер тақырыбындағы конференцияда.

Вице-министрдің айтуынша, кейбір әлеуметтік қызметтерді банк қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі бар.

«Соңғы уақытта елімізде мемлекеттік қызметтерді банк қосымшасы арқылы алу трендке айналды. Біз де көштен қалмай, отандық 3 банкпен келісімге келіп, 6 қызметті солардың қосымшасы арқылы ұсынып жатырмыз. Биыл 11 айда 280 мың адам аталған қызмет түрін пайдаланды. Азаматтарға өзі қолданатын банк қосымшасы арқылы басқа да қызметті алу ыңғайлы болып шықты», - дейді министрдің орынбасары.

Бұған дейін Ербол Оспанов елімізде еңбек шарты онлайн жасалып, жеке істің цифрлық форматқа ауысатынын айтқан еді.

Новости партнеров