«Шашымды қызғылт-сары түске бояу қиын болды». Жаңа түсірілген «Бақыттымын өзіңмен» телехикаясында сәнқой Сандуғаштың рөлін сомдаған актриса өзінің образын не себепті өзгертті? Бұл сұрақтың жауабын ол «Алматы» телеарнасы «Таңғы STUDIO» бағдарламасында айтып берді.
«90 жылдары сәнқой қыздар әртүрлі түстегі киімдер киген. Түрлі әшекей-бұйым таққан. Сондықтан маған шашымды қызғылт-сары түске бояу қажет болды. Бұл ұсынысты режиссер айтқан болатын. Мен үшін бұл өте қиындау болды. Ондай түс менде осы уақытқа дейін болмаған. Дегенмен өзім эксперимент жасағанды жақсы көргендіктен, біраз ойланып шашымның түсін өзгертемін деп шештім. Өзімнің образын өзіме қатты ұнайды. Халықтың жадында жарқын рөлмен қаламын деп ойлаймын»,– деді актриса.