Биылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы «Новая газетаның» бас редакторы мен филиппиндік журналистке берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Нобель комитеті бұл сыйлықты биыл «Новая Газета» ресейлік газетінің бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік басылымының негізін қалаушы Rappler Мария Рессаға «сөз бостандығын қорғаудағы күш-жігері» үшін беруге шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Жеңімпаздардың аты-жөнін жұма, яғни 8 қыркүйек күні комитет төрағасы Берит Райсс-Андерсен жариялады.
Комитет аталған сыйлықты «Демократия мен тұрақты бейбітшіліктің алғышарты болып табылатын сөз бостандығын қорғаудағы күш-жігері үшін» беру туралы шешім қабылдаған. Райсс-Андерсеннің пікірінше, демократия – «қоғамның соғыс пен қақтығыстарға қарсы тұра алатын ең жақсы қорғанысы».
«Бірақ сөз бостандығысыз демократия болмайды... Олар өте батыл, еңбегі ерен журналистер, олар осы марапат арқылы аса қиын, жан-жақтан шектеу қысқан жағдайда да журналист болып, сөз бостандығын қалай қолдануға болатынын көрсетті», - деді комитет басшысы.