Депозиттік база тұрақты, банктердің клиенттеріне қызметтер толық көлемде көрсетілуде
Әлеуметтік желілерде банктердің ақша беруден бас тартып, валютаның жетіспеуі туралы дәйексіз және арандатушылық ақпарат таратылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық банкі барлық банктерде қажетті валюта қорлары бар екендігін, Ұлттық банктің аумақтық филиалдары жоспарланған режимде банктерді қолма-қол ұлттық және шетел валютасымен қамтамасыз етіп жатқанын мәлімдеді.
«Депозиттік база тұрақты, банктердің клиенттеріне қызметтер толық көлемде көрсетілуде. Қазақстан Ұлттық Банкі барлық фактілер бойынша біле тұра жалған ақпарат авторларын және таратушыларын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына жүгініп отыр», - делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.