Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
«Алау» балалар лагерінің маңындағы жағалауда қайғылы оқиға болды. 30 тамызда ер адамның денесін оқиғаның куәгерлері тауып алып, судан шығарды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға куәгерлері 1977 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған.
– Суға түсуге тыйым салынған жерде ер адам суға батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады аймақтық құтқарушылар.
Дереккөз: Lada
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында жоғалған бала табылды