Президент Жарлығымен механизатор, машинист пен құрылысшылар марапатталды
Атырауда Конституция күніне орай бір топ еңбек адамы мемлекеттік наградаға ие болды. Атырау облысының әкімдігінің мәліметінше, олардың арасында механизатор, машинист пен құрылысшылар бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Конституция күніне орай өткен іс-шарада түрлі сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды. Президент Жарлығымен наградаға ие болғандардың бәрі – қарапайым еңбек адамдары.
Мәселен «Құрмет» орденімен Қайрат Айтмұхамбетов пен Сілемғали Смағұлов марапатталды. Екеуі де біраз жылдан бері құрылыс саласын дамытуға қосқан елеулі үлес қосып жүр.
Ал ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені машинист Рахымжан Қазиевке берілді. Бауыржан Жұмағалиев, инженер-құрылысшысы Сырым Молдағалиев пен «Бауыржан Нұрғалиев, еңбек ардагері Төлеп Орынбасаров «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Гүлжайна Дүйісова, Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов пен облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы Марфуға Шапабаева «Үздік мемлекеттік қызметші» атанды. Атырау облыстық перинаталдық орталығының аккушер-гинекологы Мақсат Туғанбаевқа, орталық директорының орынбасары Меруерт Айдархановаға, аталған орталықтағы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Әлішер Абатовқа «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі берілді.
Оқи отырыңыз: Конституция күні: Жетісайда 90 отбасына баспана кілті тапсырылды