Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылады

дереккөзден
дереккөзден
Алдындағы ұшыру бір ай бұрын, яғни 2022 жылдың 21 қыркүйегінде өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Прогресс МС-21» көліктік жүк кемесін (КЖК) ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Прогресс МС-21» КЖК бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшыру 2022 жылдың 26 қазанына жоспарланған.

Ғарыштық жүк көлігі станцияға шамамен 2500 кг жүкті, соның ішінде жанармай, қосымша ауызсу және сығымдалған азотты, сондай-ақ 68-ші ұзақмерзімді экспедиция экипажының жұмысы мен өмірін қамтамасыз етуге арналған 1360 кг түрлі жабдықтар, материалдар мен азық-түлікті жеткізеді.

Өз кезегінде ХҒС да жаңа ғарыштық жүк көлігінің келуіне дайындалып жатыр. Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, орбитада жұмыс істеп жүрген ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және Анна Кикина «Прогресс МС-21» кемесімен ауыстырылатын «Прогресс МС-19» жүк кемесін ХҒС-тан шығаруға дайындауда.

Байқоңырдан осының алдындағы ұшыру бір ай бұрын, яғни 2022 жылдың 21 қыркүйегінде өтті. Халықаралық ғарыш станциясына құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және америкалық астронавт Фрэнк Рубио бар экипаж аттанған болатын.

Новости партнеров