Атырау облысында теңдесі жоқ темір сауытты жауынгер табылды

09.10.2020 22:19

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған

ult.kz

Елімізде теңдесі жоқ темір сауытты жауынгер табылды. Құнды жәдігер Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғандар тобынының 3-қорғанында жасалған археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басынан аяғына дейін ерекше үлгідегі темір сауытпен жабдықталған адам қаңқасының ұзындығы 175 сантиметрді құрайды. Ал, қабірдің ұзындығы  2 метр 40 сантиметрге жетсе, ені  80 сантиметр екен. Сондай-ақ, мүрдемен бірге ұзындығы 1 метр болатын семсері, жебе ұштары мен қорамсағы, сондай-ақ, қалқаны мен ат әбзелдері және тағы да басқа көптеген жәдігерлер табылған. Зерттеумен айналысып жатқан мамандар табылған сүйекті «темір адам» деуге болады дейді. Ең бастысы, мың жыл бұрын жерленген жауынгердің қабірі ұрланбай сақталыпты.