Д.Еспаеваның Қызылорда облыстық сайлауалды штабы дөңгелек үстел ұйымдастырды

Д.Еспаеваның Қызылорда облыстық сайлауалды штабы дөңгелек үстел ұйымдастырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Рухани жаңғыру – ел дамуының кепілі.  Президенттікке үміткер Дәния Еспаева өз бағдарламасында кәсіпкерлікті дамытумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де мән беріп отыр. Осыған орай, кандидаттың Қызылорда облыстық сайлауалды штабы «Қазақстан халқының рухани-мәдени саласын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиынға оқу орындарының оқытушылары, тарихшылар мен «Ақ жол» партиясының мүшелері қатысты.  Рухани жаңғыру – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарынан құрылған маңызды құжат. Басқосуда мақаладағы әрбір бағыт талқыланып, оның қалай іске асырылып жатқаны айтылды. Әсіресе, ұлттық болмыс пен ұлттық код, ұрпақ тәрбиесі  жайы кеңінен сөз болды.

«Ақ жол партиясының қос қанаты болса, бір қанаты – кәсіпкерлер, екіншісі – рухани салада жүрген қауым. Ұлттық құндылықтары қорғалатын дүние – Рухани жаңғыру бастамасы. Бұл жиында мемлекеттік тіліміздің дамуы, латын әліпбиінің қолданысқа енуі, «Ұлы даланың жеті» қыры жайы да қозғалды.  Жиынымызды жалпы жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мақсатында өткізіп отырмыз. Дәния Еспаеваның бағдарламасында мәдени салаға да көп орын берілген», – дейді «Ақ Жол» ДП  төрағасының орынбасары Қазыбек ИСА.

Новости партнеров