Алматыдағы музей алдына ерекше 9 ескерткіш тас қойылды

Алматыдағы музей алдына ерекше 9 ескерткіш тас қойылды
Құнды жәдігерлерді тасқа түсірген Санжар мен Жәнел Жұбановтар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тарихтан терең сыр шертетін тастарды енді қаладан шықпай-ақ көруге болады. Алматыда мемлекеттік орталық музей алдында петроглифтерден тұратын  9 ескерткіш тас қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ғұндар заманынан қалған құнды жәдігерлерді тасқа түсірген Санжар мен Жәнел Жұбановтар. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ашық аспан астында орнатылған ежелгі өнер туындыларын көруге арнайы барды.

«Петроглифтер заманға сай жасалған, бірақ ежелгі суреттер бейнеленген. Әр петроглиф Сарыарқа, Алтай, Шығыс Қазақстан, Жетісу секілді еліміздің әр түкпірінен жиналған. Тастар ежелгі сақ мәдениетінің ескерткіштеріндегі аң стилімен орындалған. Яғни, онда бұғы, түйе және түркі халықтарының тотемі  көк бөрі бейнеленген», – деді суретші Санжар ЖҰБАНОВ.

Тағы бір ерекшелік – аталған еңбекті көру үшін арнайы жүретін жол қарастырылған. Ескерткішті тамашалауға барған алғашқылардың қатарында №189 мектептің оқушылары да бар.

Новости партнеров