Әлеуметтік желіде «жаңа купюра» туралы видеоның тарап келе жатқанына бірнеше ай болып отыр
Ұлттық банк әлеуметтік желіде тараған 60 мың теңгелік жаңа купюра көрсетілген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде «жаңа купюра» туралы видеоның тарап келе жатқанына бірнеше ай болып отыр. Осыған байланысты Ұлттық банктің баспасөз қызметі «60 000 теңгелік жаңа банкнотқа» қатысты пікір білдіріп, оның айналымда жоқ екенін, мұндай сомадаға купюра шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Әлеуметтік желіде таралған номиналы 60 000 теңгелік жаңа банкноттың шығарылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жаңа номиналдың шығарылуы ел экономикасының объектив қажеттіліктерімен байланысты болуы керек. Қазір мұндай қажеттілік жоқ. Сондықтан жаңа жоғары номинал шығару жоспарда жоқ.
Қазір мерейтойлық, естелік банкноттар мен монеталардың жоғары номиналы – 20 000 теңге», – делінген хабарламада.