Алдағы жеті жылдан күтер үміт көп

16.11.2022 23:00
ашық дереккөз

Сайлауға санаулы күн қалды. Ел келешегі айқындалар күнде азаматтар өз таңдауын жасап, мемлекет президентін сайлайды. «Алдағы 7 жылдан күтер үміт мол»,- дейді қоғам қайраткерлері. Ал сол 7 жылдың алғашқы қадамы 20 қарашада жасалмақ.

«Көзіміз ашық, жарқын болашаққа жетеміз. Құдай қаласа, демократиялық жолға бетбұрыс жасаймыз  деген  үміт тұр. Үміт», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек.

«Келешектен үміт күту - басқа, оған әрекет жасау - тіпті бөлек» дейді танымал актриса. Сондықтан, алдағы Президент сайлауына бір кісідей атсалысып, қатысу - ел азаматтарының әуелі құқықтық, конституциялық борышы.

«Әр уақытта жақсылықты меңзейміз, жақсылыққа сенеміз ғой. Менің ойымша, сайлау өтуі тиіс және өзгерістер болуы қажет», – деді актриса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тынышкүл Сұлтанбердиева.  


Теги: сайлау