|
31.05.2019 | 17:15
2214

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесті

Дональд Туск 31 мамыр күніне орай, «АЛЖИР» мемориалдық мұражайға баратынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесті

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесіп, Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Ресми жүздесу жабық есік түрінде өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әңгімелесуден кейін Президент пен пен Еуропалық кеңес төрағасы журналистер алдына шығып, мәлімдеме жасады.

«Қазақстанға ресми сапармен келгені үшін құрметті қонағымыз – Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск мырзаға ризашылығымды білдіремін. Біздің өңірге қатысты Еуропалық кеңес жаңа стратегия қабылдауы аясында Президент Дональд Тусктың Орталық Азия елдеріне сапарының маңызы айрықша», – деді  ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Дональд Туск өз кезегінде Мемлекет басшының шақыруына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ сапарының 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбындарын еске алу күнімен тұспа-тұс келгенін ерекше атап өткен ол Ақмоладағы «АЛЖИР» мемориалдық мұражай кешеніне тағзым етуге баратынын тілге тиек етті.

«Қонақжайлық танытқандарыңыз үшін көп рахмет. Біздің сіздермен тәжірибеміз бен өзара қарым-қатынастарымыздың тарихы ортақ. Географиялық жағынан арақашықтығымыз алыс болса да,  Қазақстан біз үшін өңірлік тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ, жаһандық деңгейде де маңызды әрі тұрақты серіктес саналады», – деді Еуропалық Кеңес төрағасы  Дональд ТУСК.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир